Accessibility links

Стамбулда жарылыстан 10 адам қаза тапты


Стамбул орталығындағы жарылыс болған аумақ. Түркия, 12 қаңтар 2016 жыл.
Стамбул орталығындағы жарылыс болған аумақ. Түркия, 12 қаңтар 2016 жыл.

Стамбулдың орталығында бүгін жарылыс болып, кем дегенде 10 адам қаза тапты деп хабарлайды халықаралық агенттіктер. Жарылыс қаланың туристер көп жүретін Сұлтанахмет алаңында болған. Стамбул билігінің хабарлауынша, жарылыстан 15 адам жараланған.

Түркияның Dogan агенттігінің хабарлауынша, оқиға орнына жедел жәрдем көліктері жетіп, полиция жарылыс болған аумақты қоршауға алған.

Кейбір мәліметтер бойынша, жарылысты мотоциклге мінген жанкешті жасаған.

Жарылыс болған аумаққа тарихи, туристер көп баратын Сұлтанахмет мешіті, Айя София мешіті мен Топкапи сарайы жақын орналасқан.

Қазан айында Анкарада екі жарылыс болып, 100-ден астам адам қаза тапқан. Прокуратура жарылыстарды "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының содырлары жасаған дейді.

XS
SM
MD
LG