Accessibility links

Обама: ИМ-ді жеңуге үлкен соғыс ашу керек емес


АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 5 қаңтар 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Вашингтон, 5 қаңтар 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама конгресс алдында президент ретіндегі халыққа арнаған соңғы жолдауын жасады. 12 қаңтарда жасаған жолдауында Обама Республикашыл партиядағы өзінің саясатын сынайтындардың "АҚШ-тың халықаралық мәселелердегі ұстанымы әлсіреп бара жатыр және "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымын күйрету үшін ауқымды сғыс жүргізуі тиіс" деген мәлімдемелерін қате деп атады.

"Халық Мәскеу, я Пекин көшбасшы болады деп ойламайды, олар бізге жүгінеді" деді Обама.

АҚШ президенттігіне Республикашыл партиядан кейбір үміткерлер ИМ-ге күйрете осққы беру үшін Ирак пен Сирияның содырлар бақылауындағы территорияларын жаппай бомбалауға шақырған.

"Пикаптарға мініп, түрлі шабуыл ұйымдастыратын содырлар бейбіт тұрғындарға үлкен қауіп төндіреді және оларды тоқтату керек. Бірақ олар біздің мемлекетіміздің өмір сүруіне қатер төндірмейді. Кісі өлтірушілер, я фанатик дейміз бе, оларды түп-тұқиянымен жою керек" деді Обама.

Обама егер конгресс ИМ-ді жоюға шынымен ниетті болса, онда өзіне бұл ұйыммен күресуге құзырет беретін қарар қабылдауы тиіс деді.

Бірақ ол АҚШ дағдарысқа ұшыраған әрбір елді аяқтан тұрғыза алмайтынын ескертті.

XS
SM
MD
LG