Accessibility links

Обама: АҚШ экономикасы әлсіреді деу - жалған


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама өзінің президенттік жылдарында экономикалық өсім артқанын мәлімдеп, АҚШ экономикалық алпауыт ел мәртебесінен айырылмағанын айтты. Оның сөзінше, АҚШ экономикасы 2009 жылғы рецессиядан оңалып келеді.

"АҚШ экономикасы құлдырап барады дейтіндердің айтатыны ойдан шығарылған" деді Обама конгресс алдында жасаған жолдауында.

Ол биліктегі алғашқы жеті жылында АҚШ тарихында алғаш рет жекеменшік сектордағы жұмыс орындарының саны артқаны байқалғанын, медициналық сақтандыруды реформалау туралы заңға қол қойып, миллиондаған адамның медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз еткенін айтты.

"14 миллионнан астам жұмыс орны ашылып, 18 миллионға тарта адам медициналық қамсыздандырылды. Осылайша біз өзімізді кешегі дағдарыстан алып шығып, болашақтағы бағытымызды айқындадық" деді Обама.

"Зерттеулер біздің әлемдегі орнымыз мен президент болып сайланған кездегіден жоғары екенін көрсетеді. Ал халықаралық маңызды мәселеде адамдар Мәскеуге немесе Пекинге емес, бізге жүгінеді" деді АҚШ президенті.

XS
SM
MD
LG