Қазақстан қор биржасының (KASE) бұрынғы басшысы Есжан Біртанов Ұлттық банк жанынан құрылған "Ұлттық инвестициялық корпорациясының" басқарма төрағасы болып қайта тағайындалды.
Корпорация баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұрынғы басқарма төрағасы Берік Өтемұраттың өкілеттігі 8 қаңтарда корпорация акционерінің шешімімен мерзімінен бұрын тоқтатылған. Оның орнына өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін Есжан Біртанов тағайындалған.
Біртанов KASE басшылығынан 8 қаңтар күні босатылған. Ол бұған дейін де "Ұлттық инвестициялық корпорацияны" басқарған.
Берік Өмемұрат Wall Street Journal басылымына Қазақстанның ұлттық қордағы активтері ашық емес деген сарында сұхбат берген соң босатылған. Ол сұхбатында мұнай бағасы арзандай берсе ұлттық қорда жиналған 64 миллиард доллар алты-жеті жылда таусылатынын айтқан.