Accessibility links

Білім берудегі кемсітушілікті жою конвенциясы мақұлданды


Білім және ғылым министрі Аслан Сарінжіпов.
Білім және ғылым министрі Аслан Сарінжіпов.

Парламент сенаты бүгін білім беру саласындағы кемсітушілікпен күрес туралы конвенцияны мақұлдады.

Білім және ғылым министір Аслан Сәрінжіповтің айтуынша, конвенция барлық жерде адам құқығы сақталып, барлық адамның білім алуын қамтамасыз ету үшін ұлттар арасында ынтымақтастық орнату үшін қабылданған. Конвенцияда білім берудегі кез-келген кемсітушілікті жою, барлығына теңдей мүмкіндік тудыру да қарастырылған.

Конвенция 1960 жылы 14 желтоқсанда Парижде қабылданған.

Конвенцияда "кемсітушілік" ұғымына білім беру саласында нәсілі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе басқа да сенімдері, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, экономикалық жағдайы бойынша теңдікті бұзатын барлық ерекшелеу, шектеу әрекеттері теңестірілген.

Конвенция енді президенттің қол қоюына жіберілмек.

XS
SM
MD
LG