АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Сауд Арабиясының шиит діни қайраткеріне өлім жазасын орындауына байланысты Иранмен жанжалында Эр-Риядты қолдап шықты. Бірақ Керри екі елді келіспеушілікті дипломатиялық жолмен шешуге шақырды. Керри Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Абдель әл-Джубейрмен 14 қаңтарда Лондонда кездескен.
АҚШ мемлекеттік хатшысы кездесуде Таяу Шығыс елдері өзге мемлекеттердің ішкі ісіне килікпеуі тиіс екенін мәлімдеп, Эр-Рияд Иранды "Сауд Арабиясындағы шииттер арасында толқу тудыруға арандатты деп айыптайтынын" айта кетті.
Керри екі ел жанжалы дипломатиялық жолмен шешілгенін жөн көретінін айтты. Керридің өзі бірнеше күн бұрын Тегеран тұтқындаған америкалық 10 теңіз әскери қызметкерін босату үшін Иран сыртқы істер министрі Джавад Зарифпен телефонмен сөйлескен.