Accessibility links

Біләлов сотына Азаттық тілшісін кіргізбеді


Қоғамдық белсенді Болатбек Біләловтің сотына кіре алмай тұрған адамдар. Астана, 15 қаңтар 2016 жыл.
Қоғамдық белсенді Болатбек Біләловтің сотына кіре алмай тұрған адамдар. Астана, 15 қаңтар 2016 жыл.

Астанада бүгін "алауыздық тудыру" айыбы тағылған қоғамдық белсенді Болатбек Біләловтің сотына Азаттық тілшісі мен ондаған қоғам өкілін кіргізбеді.

Бүгін Біләловтің сотында оның ағасы және осы істегі қорғаушысы Қанат Біләлов судья Бапақованың «үш күннен бері істі асықтырып, үзіліссіз жүргізіп, қорғаушыларға ақылдасуға мүмкіндік бермей жатқанын», «айыптауға негіз болатын пайым шығарған сарапшылардың сот отырысына қатыспағанын», судьяның "істі бір жақты қарастырып отырғанын» айтып, қарсылық танытқан. Осы сәтте залдағы сот отырысына келген жүз қаралы кісі «отвод», «отвод» деп айғайлап тұрып алған. Судья кеңесу бөліміне шығып кеткен соң, сот өкілі «судьяны құрметтемей, айғайлағандары үшін» сотқа келгендердің залдан шығып кетуін сұраған. Бірақ, сотқа келгендер орындарынан тұрмай қойды.

Жарты сағаттық үзілістен кейін сотқа келген Сарыарқа аудандық сотының судьясы Виктория Семенова Болатбек Біләловтің қорғаушысы берген қарсылықты қарап, оны қанағаттандырудан бас тартқан. Семенова сот отырысын одан әрі судья Назгүл Бапақова жүргізе беретінін мәлімдеген. Осы аралықта жарияланған үзілісте судья сот процесін басқа залға ауыстырып, оған тек Болатбек Біләлов пен оның қорғаушыарын ғана кіргізген. Азаттық тілшісі мен басқа сотқа келгендерді ол залға кіргізбей қойды.

XS
SM
MD
LG