Accessibility links

Буркина-Фасодағы шабуылда украин отбасы мерт болған


Қауіпсіздік күштері терроршылар басып алған қонақ үй алдында тұр. Уагадугу, 16 қаңтар 2016 жыл.
Қауіпсіздік күштері терроршылар басып алған қонақ үй алдында тұр. Уагадугу, 16 қаңтар 2016 жыл.

Буркина-Фасо астанасындағы қонақ үй мен мейрамханаға террорлық шабуыл кезінде Украинаның төрт азаматы – бір отбасы мүшелері қаза тапқан, олардың арасында 9 жасар бала бар. Бұл туралы Twitter әлеуметтік желісіндегі парағында Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин хабарлады.

Соңғы мәліметтер бойынша, жұма күні Уагадугуде жасалған қарулы шабуыл салдарынан мерт болған 29 адамның арасында АҚШ, Канада, Швейцария мен Франция азаматтары бар. Бұл шабуылға жауапкершілікті «Мағрибтік ислам елдеріндегі Әл-Қаида» экстремистік тобы мойнына алған.

Франциялық арнайы жасақтың қолдауымен Буркина-Фасо қауіпсіздік күштері содырларға қарсы жүргізген операция барысында, жұма күні террорлық шабуылға қатысқан төрт күдіктінің көзі жойылғаны, олардың екеуі – әйел адам екені туралы хабарланды.

XS
SM
MD
LG