Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Australian Open жарысының бірінші кезеңінде әлемнің 18-ракеткасы даниялық Каролин Возняцкины жеңді.
Үш жарым сағатқа созылған кездесуде 1:6, 7:6, 6:4 есебімен Путинцева басым түсті.
Путинцева мен Возняцки бірінші рет кездесті. Даниялық теннисші 2009 және 2014 жылдары US Open жарысының финалына шыққан.
Қазақстандық теннисші екінші кезеңде қытайлық Хань Синьюньмен (162-ракетка) кездеседі.
Ертең, 19 қаңтарда бұл жарыста қазақстандық Зарина Дияс, Ярослава Шведова және Михаил Кукушкин алғашқы ойындарын өткізеді.
Australian Open жарысы 31 қаңтарда аяқталады.