Accessibility links

АҚШ пен Ресей: Сирия келіссөзі уақытында өтуі тиіс


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Цюрих, 20 қаңтар 2016 жыл.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Цюрих, 20 қаңтар 2016 жыл.

АҚШ пен Ресей Сирия үкіметі мен оппозициялық топтары арасындағы халықаралық қауымдастықтың арағайындығымен жүретін келіссөз келесі айда басталуы тиіс екенін мәлімдеді. Келіссөз оған оппозиция жағынан кімдер қатысатыны әлі келісілмегеніне қарамастан басталуы керек.

"Келіссөзді қаңтардан ақпанға ысырғымыз келмейді" деді Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Цюрихте АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керримен кездесуден соң.

Келіссөз жайында кеңесу 25 қаңтарға белгіленген. Лавровтың сөзінше, келіссөздің нақты уақытын БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун ұйымның Сирия жөніндегі өкілі Стаффан де Мистурамен кеңескен соң жариялауы тиіс.

18 қаңтар күні БҰҰ егер бейбіт процесті ұсынушы әлемдік державалар, оның ішінде АҚШ пен Ресей Сирия оппозициясы атынан кімдер қатысуы тиіс екенін анықтай алмаса, онда ешкімді келіссөзге шақырмайтынын мәлімдеген.

Мәскеу Сириядағы қақтығыста Сирия үкіметін, Вашингтон оған қарсы оппозицияны жақтайды. АҚШ мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Марк Тонердің айтуынша, келіссөз уақыты бірнеше күнге шегерілсе, одан "ақырзаман орнап кетпейді".

XS
SM
MD
LG