Accessibility links

АҚШ-та мұнай бағасы 2003 жылғы құнына оралды


Калифорния штатындағы мұнай скважинасы, АҚШ. (Көрнекі сурет)
Калифорния штатындағы мұнай скважинасы, АҚШ. (Көрнекі сурет)

Нью-Йорк сауда биржасында 20 қаңтар күнгі саудада мұнай бағасы соңғы 13 жылда болмаған дәрежеде арзандады. Мұнай бағасы 6,7 пайызға төмендеп, баррелі 26 доллар 55 центке дейін түсті. Brent маркалы мұнай 3,1 пайызға арзандап, баррелі 27 доллар 88 цент болды. Қаңтар айының басынан бері АҚШ-та мұнай 28 пайызға арзандап, 2003 жылғы құнына оралды.

Jp Morgan инвестициялық банкі сарапшыларының есебі бойынша, әлемдік экономиканың ахуалы жалпы алғанда қалыпты және мұнайға деген сұраныс азаймаған. Бағаның арзандауына нарықта ұсыныстың көптігі себеп болып отыр. Себебі мұнай өндіру көлемі баға арзандай бастаған 2014 жылдың соңынан бері аса төмендемеген.

Мұнай бағасымен бірге қор биржаларындағы акциялар котировкасы да төмендеп жатыр. Нью-Йорк қор биржасында Standard & Poor's индексі екі жыл бұрынғы құнына төмендеді. Энергетикалық сектордағы бизнеске қомақты несие беретін энергетикалық компаниялар мен банктердің акциялары да әжептәуір арзандады.

XS
SM
MD
LG