Accessibility links

Тегеран: Иран мен Сауд Арабиясы шиеленісті шешуі тиіс


Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи.
Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи.

Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Аббас Аракчи Иран мен Сауд Арабиясы екі ел арасындағы шиеленісті шешуде қажеттінің бәрін істеуі тиі деп мәлімдеді.

Екі ел арасындағы шиеленіс осы айдың басында Эр-Рияд шииттердің діни тұлғасы Нимр әл-Нимрге өлім жазасын орындаған соң басталған. Иранда өлім жазасына наразылар Тегеранда Сауд Арабиясының елшілігіне шабуылдаған. Бұдан соң Эр-Рияд Иранмен дипломатиялық байланысты үзген.

"Біз аймақты барынша тұрақты және әрине, қауіпсіз етуге көмектесетін кез-келген бастаманы қарастыруға дайынбыз. Біз осылай ғана аймақтағы нақты қауіп - терроризм, экстремизм және барлығымызға үлкен қатер төндіретін діни бөлініс қатеріне қарсы тұра аламыз" деді Аракчи Тегеранда өткен конференцияда.

Аракчи бұған қоса бүкіл әлемге қауіп төндіріп отырған "экстремистік және террорлық элементтермен" күресудің маңызды екенін айтқан.

Сүннит мұсылмандары көп тұратын Сауд Арабиясы мен шииттер басым Иран бір-бірін Таяу Шығыстағы тұрақтылықты шайқалтып отыр деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG