Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Мәскеу Батысқа Ресейді тәуелсіз сыртқы саясаты үшін жазалауына жол бермейтінін мәлімдеді. "Бір жақты пайда табу әрекеттері жасалып жатыр, тіпті бізді тәуелсіз сыртқы саясат жүргізгеніміз үшін жазалағысы келеді" деді Лавров бүгін Мәскеуде өткен баспасөз конференциясында.
"Біз батыстық әріптестеріміз, оның ішінде Еуропа және АҚШ-пен конструктивті ынтымақтастық орнатуға дайынбыз...Бірақ тек тең құқықты және өзара тиімді түрде, бір-біріміздің ішкі ісімізге араласпау шартымен ынтымақтастық орната аламыз" деді Лавров.
Лавров бұған қоса АҚШ-тың әуе шабуылынан қорғаныс жүйесі мен НАТО-ның Ресей шекарасына қарай кеңеюін "тұрақсыздық тудыратын әрекет әрі көреген саясат емес" деді. Оның сөзінше, Ресейдің Сириядағы әрекеті аймақтағы жағдайды күрт өзгерткен.
Ресей өткен жылы күзде Сириядағы азаматтық соғысқа Сирия президенті Башар Асад жағынан килігіп, әуе шабуылдарын бастаған. Кеше Ресей президенті Владимир Путин Ресейдің Сириядағы шабуылдары әзірге қажеттілік болып тұрғанда жалғаса беретінін мәлімдеген.