Еуропа комиссиясы Қырғызстанға макроқаржылық көмек бағдарламасы аясында 15 миллион еуро көлемінде көмек көрсеттін болды деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы.
Еуропа Одағының Қырғызстандағы өкілдігінің мәліметінше, 10 миллион еуроға қосымша бес миллион еуро грант және несие ретінде беріледі. Бұл қаржы - Еуропа Одағының Қырғызстанға беретін 30 миллион еуро көлеміндегі макроқаржылық көмегінің екінші әрі соңғы бөлігі.
30 миллионның алғашқы 15 миллионы Қырғызстанға өткен жылдың маусым және қазан айында екі бөліп берілген.