Accessibility links

БҰҰ бітімгерлері Африкада бала зорлау күдігіне ілікті


Африкадағы Руанда мемлекетінде жүрген БҰҰ бітімгерлік күштерінің сарбазы (Көрнекі сурет).
Африкадағы Руанда мемлекетінде жүрген БҰҰ бітімгерлік күштерінің сарбазы (Көрнекі сурет).

БҰҰ Грузия мен Франция және аты аталмаған тағы бір елдің бітімгерлік сарбаздары Орталық Африка Республикасында балаларға жыныстық зорлық танытқан деген күдікке ілінгенін мәлімдеді.

БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хусейн 29 қаңтарда таратқан мәлімдемесінде "тағылған ерекше ауыр айыптарды мұқият және жедел тергеу қажет" екенін айтты.

БҰҰ күдікті жыныстық зорлау қылмыстары негізінен бірнеше жыл бұрын жасалғанын, бірақ таяуда ғана белгілі болғанын айтады. Бұл іс аталған мемлекеттер үкіметіне және Еуропа Одағына хабарланып, қазір тергеу басталған.

XS
SM
MD
LG