Accessibility links

ЖСДП парламент сайлауына 27 кандидат ұсынды


Жалпыұлттық социал-демократиялық партия съезіне қатысушылар. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия съезіне қатысушылар. Алматы, 30 қаңтар 2016 жыл.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) бүгін Алматыда өткізген съезде партия атынан кезектен тыс парламент сайлауына түсетін адамдардың тізімін бектті. «Көктөбе» демалыс кешенінде екі жүзге жуық адам қатысқан съез шешіміне сәйкес сайлауға түсетін 27 кандидаттың арасында Зәуреш Батталова, Балташ Тұрсымбаев, Әмірбек Тоғысов, Петр Своик, Уәлихан Қайсар, Ермұрат Бәпи, Құрманғазы Рахметов, Бақытгүл Мәкімбай, Ғабиден Жәкей сынды бұған дейінгі сайлаулар кезінде жұртшылыққа танылған адамдармен бірге Асхат Рақымжанов, Жанат Есентаев, Рахым Айыпұлы, Тазабек Сәмбетбай сияқты парламент сайлауына жаңадан түсіп жатқандар бар.

Бұған дейін ЖСДП-ның кейбір бөлімшелері сайлауға партия төрағасы Жармахан Тұяқбайсыз қатысуды ұсынған. Бірақ, бүгінгі съезде делегаттар Тұяқбайды да партия тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады.

Бұған дейін 2012 жылы қаңтарда өткен парламент сайлауына ЖСДП «Азат» партиясының қолдауымен қатысқанымен, қажетті дауыс «жинай алмаған» еді.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауы наурыздың 20-сына белгіленген. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

XS
SM
MD
LG