Ақтөбе мен Қарағанды облыстарында бүгін бұрқасын мен жолдың нашар көрінуіне байланысты көлік қозғалысы уақытша тоқтатылды. Бұл туралы ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті хабарлады.
Ақтөбе облысында Хромтау-Никельтау-Бадамша жолында Хромтаудан Бадамша ауылына дейін баратын жол бөлігі жабылған.
Қарағанды облысында боран тұрғандықтан, Жезқазған-Петропавл тасжолының Жезқазған мен Қостанай облысымен шектесетін бөлігіне дейінгі бөлігінде автокөліктер қозғалысына шектеу қойылған.