"Оңтүстік" және "Батыс" өңірлік әскери қолбасшылығының арнайы мақсаттағы жасақтары жоғары әскери дайындық деңгейіне келтірілді деп хабарлады бүгін қорғаныс министрлігі. Дайындыққа келтіру арнайы мақсаттағы жасақтың тапсырманы берілген уақытта орындаудағы іс-қимылын реттеу үшін жасалған.
Министрлік ақпаратына қарағанда, дайындық барысында "әскери мақсаттағы" аудандарға әскери-транспорттық авиациямен және көліктермен арнайы мақсаттағы жасақ сарбаздары түсірілген.