Accessibility links

Тәжікстанда БАҚ туралы заңға өзгерісті мақұлдамады


Душанбедегі газет-журнал сататын сөре (Көрнекі сурет).
Душанбедегі газет-журнал сататын сөре (Көрнекі сурет).

Тәжікстан парламенті үкімет ұсынған бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңға өзгерістер енгізу заңға өзгерістерді толықтыруға жіберді. Заңға өзгерістер ақпарат құралдары өкілдерінің наразылығын тудырған.

Азаттықтың Тәжік редакциясының хабарлауынша, Тәжікстан парламентінің төменгі палатасынің спикері Шукурджон Зухуров түзетулер мен өзгерістерді арнайы комиссия қайта қарайтынын айтады. Оның сөзінше, заң жобасында мәдениет министрлігіне БАҚ қызметін прокуратураның нұсқауымен үш айға тоқтатуына мүмкіндік беретін бап болған. "Енді бұл түзетулерде БАҚ қызметіндегі кез-келген кемшілікті сот төрелігімен шешу ұсынылып отыр. Жоба өзгерді, журналистер қауымы енді бұған алаңдамауы керек" деді Зухуров.

Тәжікстан мәдениет министрі Шамсиддин Орумбекзода БАҚ туралы заңға өзгерістер енгізудегі мақсат - БАҚ-ты жабу емес, заң бұзудың алдын алу екенін айтады. Оның сөзінше, қазір елде 600-ден астам БАҚ жұмыс істейді.

Жергілікті "Азия-Плюс" агенттігінің журналисі Аваз Юлдошевтің айтуынша, заң жобасы журналистердің қатысуынсыз жасалған. "Түсінбестік тудырған заң жобасының парламент қарауына қашан ұсынылғанын білмейміз және оны журналистер оны көре де алмады" дейді Юлдошев.

XS
SM
MD
LG