Accessibility links

Иранды Ресеймен энергетикада байланысты нығайтуға шақырды


Иран рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменейдің кеңесшісі Әли Акбар Велаяти.
Иран рухани жетекшісі Аятолла Әли Хаменейдің кеңесшісі Әли Акбар Велаяти.

Иран рухани көсемі Аятолла Әли Хаменейдің кеңесшісі Әли Акбар Велаяти Ресей, Ирак және Венесуэламен энергетикалық мәселеде жақынырақ байланыс орнатуға шақырды.

"Энергетикалық секторда Иран мен Ресей бәселекес болмай, бір-бірімен ынтымақтасуы керек. Біздің ұстанымымыз - Иран, Ресей, Венесуэла және Ирак сияқты елдер энергия қоры нарығында байланыс орнату мен кеңесіп отыруды күшейтуі керек" деді Велаяти.

Рсеей соңғы уақытта Иран жетекші рөлге ие ОПЕК ұйымымен байланысты күшейтіп, мұнай бағасының күрт құлдырауын тоқтату үшін мұнай өндіру көлемін азайтуға шақырып келеді.

Бірақ Иран экономикалық санкциялар алынған соң мұнай өндіру көлемін бірден арттыруы биыл мұнай бағасының арзандауына себеп болды дейтіндер көп. Иран Мұнай өндіру көлемін азайту туралы кез-келген ұсынысқа қарсылық танытады.

Венесуэла ОПЕККЕ кірмейтін Ресей және басқа да елдермен келіссөз арқылы мұнай өндіруді азайтуға тырысып жатыр.

Сарапшылар Ресей, Иран және Ирак сияқты елдерде өндіріс көлемінің сақталуы әлемдік нарықта мұнай артықшылығын жояға ықпал ете алмайды дейді.

XS
SM
MD
LG