Баку армениялық "диверсиялық" топпен қақтығыста бір сарбазы қаза тапқанын хабарлады.
Әзербайжан қорғаныс министрлігінің 4 ақпанда мәлімдеуінше, сарбаз Имран Мирзаев 3 ақпанда Әзербайжан-Армения шекарасындағы атыста оққа ұшқан. Мәлімдемеде атыста армениялық үш сарбаздың да қаза тапқаны айтылады.
Бірақ Армения қорғаныс министрлігі Бакудің мәлімдемесін жоққа шығарып, "шекарада жанжал болып, одан үш армениялық сарбаз оққа ұшқаны туралы ақпарат шындыққа сай келмейтінін" мәлімдеді.
Баку мен Ереван Әзербайжанның этникалық армяндар тұратын Таулы Қарабах аймағына қатысты жиырма жылдан бері жанжалдасып келеді.
1990 жылдардың басында болған соғыста Армения қолдайтын сепаратистер Таулы Қарабах аймағын басып алған еді. Соғыстан 30 мыңға тарта адам құрбан болған.
Екі ел арасындағы дауды шешуді көздеген халықаралық дипломатиялық әрекеттер бірнеше рет сәтсіздікке ұшыраған.