Accessibility links

Ердоған Сириядағы жағдайға Мәскеу мен Дамаскіні айыптады


Түркия президенті Режеп Ердоған.
Түркия президенті Режеп Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ресейді «Сирияда қуыршақ мемлекет құруға тырысып жатыр» деп айыптады. Жұма күні Стамбул қаласында журналистер алдында сөйлеген сөзінде ол Сирия аумағында адам өлтіргені үшін Мәскеу жауапқа тартылуы керек деп мәлімдеді. Ердоған Сирия жанжалындағы 400 мың құрбан үшін жауапкершілікті Мәскеу мен Дамаск «бірге» көтереді деген.

БҰҰ деректері бойынша, Сирияда азаматтық соғыс басталғалы бері шамамен 260 мың адам құрбан болған.

«Түркия Сирия жеріне басып кіруді жоспарлап отыр» деп Ресейдің жақында айтқанын Ердоған «күлкілі» деп атаған.

Ресей былтыр 30 қыркүйекте Сириядағы президент Башар Асадтың қарсыластарына әуеден соққы беру операцияларын бастаған. Ресейлік ұшақтардың қолдауы арқасында Сирияның үкімет әскері бұған дейін айырылып қалған елдегі кейбір аймақтарды көтерілісшілерден қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG