Accessibility links

ОСК «Ауыл» партиясының 19 үміткерін тіркеді


"Ауыл" партиясының кезектен тыс 12-құрылтайы. Астана, 1 ақпан 2016 жыл.
"Ауыл" партиясының кезектен тыс 12-құрылтайы. Астана, 1 ақпан 2016 жыл.

Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына «Ауыл» партиясынан ұсынылған 19 үміткер тіркелгенін хабарлады.

ОСК сайтында бүгін жарияланған қаулыда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының партиялық тізімін тіркеуге алып, ондағы 19 адамға мәжіліс депутаттығына кандидаттарға куәліктерін беру және «Ауыл» партиясын сайлау бюллетеніне енгізу туралы айтылған.

Қазақстан парламенті мәжілісінің кезектен тыс сайлауына дауыс беру наурыздың 20-сы күні өтеді. Мәжілістегі 107 депутаттық орынның 98-і партиялық тізім бойынша, 9-ы Қазақстан халқы ассамблеясы атынан сайланады.

Партиялық тізім бойынша сайланатын мәжіліс сайлауына кандидаттарды ұсыну 8 ақпанға дейін, ал партиялық тізімді тіркеу 19 ақпанға дейін жалғасады. ОСК бұған дейін «Нұр Отан» (127 үміткер) және «Ақ жол» партияларының (35) кандидаттарын тіркеген.

XS
SM
MD
LG