Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың жоғары шенді дипломаты Бретта Макгурканың Сирияның күрдтер бақылауындағы Кобани қаласына барғанына байланысты наразылық білдірді. Ердоғанның ресми жарияланған наразылығында Вашингтон я Анкараны, я Күрд демократиялық одағы партиясын (PYD) таңдауы керек екені айтылған.
"Біз АҚШ-қа қалайша сене аламыз? Сіздердің серіктеріңіз біз бе, әлде Кобанидегі терроршылар ма?" деп сұраған Ердоған.
АҚШ дипломаты Бретта Макгурка өткен аптада Сирияның солтүстігіндегі Кобани қаласында PYD өкілдерімен кездескен. PYD әскерилері өткен жылы АҚШ бастаған коалиция қолдауымен Кобаниден "Ислам мемлекеті" (ИМ - Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) содырларын ығыстырып шығарған.
Анкара PYD пен Сириядағы күрд көтерілісші жасақтарының Түркиядағы тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясымен байланысы бар деп санайды.