Accessibility links

Назарбаев мұнай кеніштерін кеңейту керегін айтты


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін энергетика министрі Владимир Школьникпен кездесіп, Қазақстанның энергетика саласындағы жағдайды талқылады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде мұнай-газ бағасының арзандауына байланысты дағдарыстық жағдайдың алдын алу шаралары, жобадағы мұнай кеніштерін іске қосу және ұлғайту жайы сөз болған.

Школьник мұнай бағасының арзандауы барлық компанияны "бюджетін қысқартып, өнімнің өзіндік құнын азайтуға" мәжбүрлегенін, бірақ мұнай-газ саласында жұмысшылардың қысқартуға ұшырауына "жол берілмегенін" айтқан.

Назарбаев энергетикалық саладағы барлық келешегі бар жобаларды іске асыруға, оның ішінде Қашаған кенішін іске қосып, Теңіз кенішін, Қарашығанақ кенішін кеңейту қажетін айтып, тапсырмалар берген.

XS
SM
MD
LG