Accessibility links

Қырғыз шекарашылары ұстаған Азаттық тілшісі босатылды


Азаттықтың Тәжік редакциясы тілшісі Масум Мухаммадраджаб.
Азаттықтың Тәжік редакциясы тілшісі Масум Мухаммадраджаб.

Қырғызстан шекарашылары Тәжікстанмен даулы шекара аймағында ұстаған Азаттықтың Тәжік редакциясының журналисі Масуми Мухаммадраджаб сегіз сағаттан соң босатылды. Мұның алдында Қырғызстан шекара қызметінің өкілі Гүлмира Барубаева Азаттыққа журналист шекараны бақылау-өткізу бекетінен тыс жерде кесіп өтіп, шекара бұзғаны үшін ұсталғанын хабарлаған.

Тілші Бободжон Гафуров ауданының Овчи-Калача елді мекенінде жергілікті тұрғындардың үйлеріне Қырғызстан туын іліп қою оқиғасын зерттеуге барған.

Ақпанның 6-сы күні Қырғызстан шекарашылары Овчи-Калача ауылы тұрғындарының үйлеріне, «бұл территория - Қырғызстанның жері» деген негізбен, Қырғызстан туын іліп кеткен. Тәжікстанның Бободжон Гафуров ауданының Овчи-Калача ауылы Қырғызстанның Баткен облысының Кулунды елді мекеніне іргелес жатыр. Бұл жер даулы территорияға жатады. Қырғызстан да, Тәжікстан да бұл жерді өзінікі санайды.

Орталық Азия елдерінің біраз шекарасы Совет Одағы құлағаннан бері нақтыланбаған. Соңғы уақытта тәжік-қырғыз шекарасында даулы территорияларға қатысты жанжал күшейе түскен. Мұнда шекарашылар мен жергілікті тұрғындардың араласуымен бірнеше қақтығы оқиғалары болған.

XS
SM
MD
LG