Accessibility links

Министрлер, әкімдер мен ректорлар есеп бермек


Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындармен есептік кездесу өткізіп тұр. Ақпан, 2014 жыл (Көрнекі сурет).
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев тұрғындармен есептік кездесу өткізіп тұр. Ақпан, 2014 жыл (Көрнекі сурет).

Ақорданың баспасөз қызметі "Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев министрлер, әкімдер мен ұлттық ЖОО (жоғары оқу орындары) ректорларын жыл сайын тұрғындармен есептік кездесу өткізіп тұруға міндеттеді" деп хабарлады.

Назарбаевтың есептік кездесу өткізу тәртібі туралы шығарған жарлығы бойынша, қорғаныс министрлігінен өзге министрліктер жыл сайын екінші тоқсан кезінде аймақтардағы қоғам өкілдерімен видеоконференция арқылы есептік кездесу өткізуі тиіс.

Бұған қоса, барлық деңгейдегі әкімдер жыл сайын алғашқы тоқсанда тұрғындармен есептік кездесу өткізуге міндеттелді. Жарлық бойынша, мұндай есептер арқылы әкімдер қоғам өкілдерін Қазақстандағы реформалар, өтіп бара жатқан жылдың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, жергілікті бюджеттің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына жұмсалуы жөнінде хабардар етуі тиіс.

Жоғары ұлттық оқу орындарының ректорлары есептік кездесуді жыл сайын үшінші тоқсанда тұрғындар, оның ішінде ата-аналар, студенттер, жұмыс берушілер, ғылыми-педагогикалық сала және ақпарат құралдары өкілдерімен өткізуі тиіс.

XS
SM
MD
LG