Алматы облысы аумағында 9 ақпанға қараған түні қуаты 4 магнитудалы жер сілкінісі болды.
Білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 85 километр қашықтықта, 8 ақпан күні Алматы уақыты бойынша сағат 23:22-де тіркелген. Жер сілкінісі жердің 10 километр тереңдігінде болған.
Зілзаланың басқа жерлерде сезілгені туралы мәлімет жоқ.