Accessibility links

Ұлттық банк: 2015 жылы тауар экспорты 42,4 пайызға азайды


Алматыдағы ұлттық банк ғимараты. Алматы, 8 желтоқсан 2015 жыл (Көрнекі сурет).
Алматыдағы ұлттық банк ғимараты. Алматы, 8 желтоқсан 2015 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстан Ұлттық банкі 2015 жылы Қазақстанның қолданыстағы есепшотта жасайтын төлем балансының тапшылығы 5,3 миллиард долларды құрағанын хабарлады.

Ұлттық банк мәліметінше, 2015 жылы төлем балансы бойынша тауар экспорты 42,4 пайызға төмендеп, 46,2 миллиардты құраған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 80,3 миллиард доллар болған. Банк 2015 жылы сауда балансының оң сальдосы 65,6 пайызға төмендеп, 12,3 миллиард доллар болғанын, 2014 жылы бұл көрсеткіш 36,7 миллиард долларды құрағанын айтады. Бұған тауар экспорты көлемінің азаюы себеп болған.

Ұлттық банк мәліметінше, экспорт көлемінің азаюына мұнай бағасының арзандауы әсер еткен. Мұнай мен газ конденсаты экспортынан түсетін табыс 2 есеге азайып, 26,8 миллиард долларды құраған. Қалған тауарлар экспорты 27 пайызға азайған.

Бұған қоса 2015 жылы қазақстан импорттаған тауар көлемі де 22,9 пайызға азайған.

XS
SM
MD
LG