Accessibility links

ЕО мен НАТО кибер қорғаныста ынтымақтастық орнатты


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 10 ақпан 2016 жыл.
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг. Брюссель, 10 ақпан 2016 жыл.

НАТО мен Еуропа Одағы кибер шабулыдардан қорғаныста ынтымақтастықты күшейту туралы келісімге қол қойды.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг 10 ақпанда "гибридті қауіп-қатерге" қарсы тұру үшін НАТО мен ЕО мамандары "ақпарат пен тәжірибе алмасатынын" мәлімдеді.

НАТО альянс пен ЕО кибер шабуылдар қаупі күшейіп бара жатқан уақытта ұқсас мәселелерге тап болып отырғанын айтады.

Ресей 2014 жылы Украинадан Қырым түбегін аннексиялап алғаннан бері НАТО мен ЕО қорғанысқа қатысты салаларда ынтымақтастықты күшейтті.

ЕО басшылығы келісім кибер шабуылдардың алдын алып, анықтап, оларға жауап беруге көмектесетінін айтады.

XS
SM
MD
LG