Алматыда өз пәтерінде 34 жастағы Жанар Қайырбекованың жансыз денесі табылды деп хабарланды. Жанар Қайырбекова - 10 жыл бұрын тапсырыспен өлтірілген оппозициялық саясаткер Алтынбек Сәрсенбайұлының жиені.
Бірнеше күн хабарсыз кеткен Қайырбекованы өз пәтерінде өліп жатқан жерінен туыстары тапқан. Оның денесінен пышақ іздері көрінген деп сипатталады. Марқұм - Алтынбек Сәрсенбайұлының үлкен әпкесі Айбүбінің қызы. Ол заңгер болып қызмет атқарған.
Қайырбековамен қоштасу ертең өтеді. Ratel.kz сайтының хабарлауынша, полиция оның өліміне қатысты тергеу бастаған.