Accessibility links

Малидегі шабуылда БҰҰ-ның алты бітімгері қаза тапты


Картада сары түске боялған - Мали елі.
Картада сары түске боялған - Мали елі.

Малидің солтүстігіндегі Кидаль қаласындағы БҰҰ базасына жұма күні жасалған шабуыл салдарынан БҰҰ бітімгерші күштерінің алты мүшесі – Гвинея азаматтары мерт болған. Отызға жуық адам жараланған.

БҰҰ лагеріне шабуылдағандар әуелі автокөлікке орнатылған жарылғыш затты жарып, кейін минометтерден атқылаған.

Шабуылға жауапкершілікті «Әл-Қайда» террористік ұйымымен байланысы бар «Ансар-ад-Дин» экстремистік тобы мойнына алды. Бұл топ бұған дейін де Малидегі халықаралық күштерге жасалған бірнеше шабуылды мойнына алған.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун бітімгершілік күштеріне шабуылды «әскери қылмыс» деп атап, халықаралық ұйым Мали үкіметіне елдің солтүстігіндегі исламшыл экстремистерге қарсы күресте жәрдем көрсетуден бас тартпайтынын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG