Accessibility links

Астана Сирия жайлы Мюнхен келісімін қолдайды


Қазақстан сыртқы істер министрлігі.
Қазақстан сыртқы істер министрлігі.

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Сирияға қатысты Мюнхенде 11-12 ақпанда өткен халықаралық кездесу қорытындыларын толық қолдайтыны туралы мәлімдеді.

«Қоршаудағы аймақтарға гуманитарлық дәліздің ашылуы туралы шешімді және мемлекеттің барлық аймағындағы соғыс әрекеттерін тоқтату шарттарын бір апта ішінде анықтауды Сириядағы қақтығысты реттеудегі елеулі әрі үміттендіретін серпін және осы елдегі гуманитарлық апатты еңсеру жолындағы шешуші қадам ретінде қарастырамыз» делінген мәлімдемеде.

Ал германиялық Der Spiegel апталық басылымы мен Conflict Intelligence Team (CIT) халықаралық зерттеу тобы белсенділері бүгін Сирияның солтүстігінде құрлықтағы әскери операцияларға ресейлік әскерилердің қатысып жатқанын дәлелдейтін жаңа айғақтарды жариялады.

Ресейдің Сириядағы әскери іс-қимылы Батыс елдері тарапынан сынға ілініп отыр.

XS
SM
MD
LG