Бүгін Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 154 километр қашықтықта 4,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды Қазақстан білім және ғылым министрлігінің сейсмологиялық әдістеме-тәжірибелік орталығы.
Астана уақытымен сағат 7:58 кезінде тіркелген жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, 20 километр тереңдікте болған деп хабарланды.
Мұның алдында бүгін түнде, Астана уақыты бойынша сағат 01:12 кезінде, Алматыдан шығысқа қарай 258 километрде 4,6 магнитудалы жер сілкінісі тіркелген. Оның эпицентрі Қазақстан аумағында орналасқан деп хабарлайды сейсмология орталығы.