Accessibility links

ЕҚЫҰ: Донбаста әскери қимыл қайта басталып келеді


Донецк көшесіндегі сепаратистер. Украина, 4 ақпан 2016 жыл.
Донецк көшесіндегі сепаратистер. Украина, 4 ақпан 2016 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) мәліметіне қарағанда, Украина шығысында ресейшіл сепаратистер мен үкімет әскері арасында әскери жанжал қайта тұтанып, аймақтағы гуманитарлық жағдай нашарлап барады.

ЕҚЫҰ бас хатшысы Ламберто Заньенің хабарлауынша, тараптар соғыс қимылдары аймағына ауыр әскери техникаларын әкелген, ал сепаратистер түн жамыла әскери жаттығулар өткізіп жатыр. Заньенің сөзінше, "бітім дұрыс сақталып отырған жоқ".

Занье қазір Мюнхенде өтіп жатқан қауіпсіздік конференциясына қатысып жатыр. Мұнда Ресей, Украина мен Батыс елдері Донбастағы қақтығысқа қатысты бірін-бірі ашық айыптауда.

Донбаста бітім орнату туралы уағдаластық өткен жылы ақпанда Минскіде қол жеткен келісім аясында жасалып, қыркүйекте күшіне енген. Содан бері жанжал күшейіп, кейін Рождество мерекесі кезінде қақтығысты тоқтатуға келісім жасалған. Заньенің сөзінше, таяу уақыттан бері қақтығыс қайта ушыға бастаған.

ЕҚЫҰ бас хатшысы "Өкінішке қарай, қақтығыс әлі де бәсеңдемей тұр. Әсіресе сепаратистер жағынан әскери қимылдар жалғасып жатыр. Түнде үнемі жаппай әскери дайындық жасалады. Әскери қозғалыс тым көп байқалады. Бұл әрине, қауіп тудырады" деді. Ламберто Занье бұған қоса, ЕҚЫҰ бақылаушылары аймақта ұшқышсыз басқарылатын аппараттардың көмегімен зымыран кешендері мен дүркіндете ататын зеңбіректердің қолданылғанын бірнеше рет байқағанын айтады.

XS
SM
MD
LG