Accessibility links

Медведев: Сирияда операция жүргізу соғысқа әкеп соқтырады


Рсеей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Мюнхен, 13 ақпан 2016 жыл.
Рсеей премьер-министрі Дмитрий Медведев. Мюнхен, 13 ақпан 2016 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведевтің айтуынша, Сирия территориясында қандай да бір шет мемлекеттің жерүсті әскери операциясын жүргізуі "кең ауқымды, ұзаққа созылатын соғысқа" әкеп соқтырады.

Euronews-ке берген сұхбатында Медведев АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керридің егер Сирияда бірер күн бұрын келісілген бітім сақталмаса, онда бұл елге шетел әскері кіргізілуі мүмкін деген мәлімдемесін сынады. Медведев "Ол мұндай нәрсені айтпауы тиіс болатын. Жаңа соғыс бастауға ешкім мүдделі емес, ал құрлықтағы операция дегеніміз - ол ауқымды, ұзаққа созылатын соғыс" деді. Ол Керри "бос сөзбен қорқытып әуре болмай-ақ қоюы керек екенін" де айтты.

Сирияда қақтығысты тоқтату туралы келісім 12 ақпанда Мюнхенде Сирияны қолдау жөніндегі халықаралық топтың қолдауымен жасалған. Бітім "Ислам мемлекеті" ұйымы мен "Әл-Қаидамен" байланысы бар "Нусра майданы" ұйымына қатысты операцияларға жүрмейді. Бірақ Ресей "террористерді" бомбалауын тоқтатпайтынын жариялаған. Мәскеудің бұл ниеті Батыс елдері қолдайтын көтерілісшілер де шабуылдың астында қалуы мүмкін деген қауіп тудырған.

Бұған қоса Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу өз елі мен Сауд Арабиясы Сириядағы ИМ содырларына қарсы әскери операция жүргізуі мүмкін екенін жариялады деген ақпарат та пайда болды.

XS
SM
MD
LG