Accessibility links

Ресей: Газ жарылысы құрбаны саны 7 адамға жетті


Ярославль қаласындағы газ жарылған үйде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Ресей, 16 ақпан 2016 жылү
Ярославль қаласындағы газ жарылған үйде жұмыс істеп жатқан құтқарушылар. Ресей, 16 ақпан 2016 жылү

Ресейдің Ярославль қаласында көп қабатты үйде газ жарылысынан қаза тапқандар саны соңғы мәлімет бойынша жеті адамға жетті деп хабарлады Азаттықтың Орыс редакциясы. Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қаза тапқандар арасында екі бала бар. Жарылыстан үйдің бір подъезі түгел қираған.

Ресми болжам бойынша, жарылысқа тұрмыстық газдың жарылуы себеп болған. Қазір қираған подъезд орнында іздеу, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Үйге қызмет көрсететін мекеме үстінен қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауға қатысты қылмыстық іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG