Бүгін Астанадағы "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" қызметкерлері мен клиенттері эвакуацияланып, жарылғыш зат қойылуы мүмкін деген ғимарат тексерілді.
Астана қалалық ішкі істер департаменті баспасөз хатшысы София Қылышбекованың Азаттыққа хабарлауынша,әлдебір ер азамат "ғимаратта жарылғыш зат бар" деп полицияға қоңырау шалған. Алайда ақпарат жалған болып шықты.
Оқиға орнына сағат 16:00 шамасынан бастап полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру көліктері және қызметтік иттер әкелінді.