БҰҰ мәліметі бойынша, Сирия үкіметі қоршауда қалған жеті ауданға гуманитарлық көмек кіргізуге рұқсат етті. БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы өкілінің айтуына қарағанда, гуманитарлық жүк Идлиб провинциясындағы Дэйр эз-Зор, Фуа және Кафрая аудандарына, Дамаск маңындағы Мадая, Забадани, Кафра Батна және Мадамиет Эльшам аудандарына жіберіледі.
Аталған аудандарға гуманитарлық жүк таяу уақытта шығады. Сирия билігі жүкті өткізуге БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистураның Дамаскіге сапарынан кейін келісті. Бұған дейін ол 17 ақпанда үкімет әскері мен көтерілісшілердің қоршауында қалған бірқатар аудандарға бірдей көмек жүгі жөнелтілетінін мәлімдеген.