Accessibility links

Литва тәуелсіздігі қалпына келген күнді еске алды


Литва президенті Даля Грибаускайте.
Литва президенті Даля Грибаускайте.

Литва 16 ақпанда тәуелсіздігінің қалпына келтірілгеніне 98 жыл толғанын атап өтті. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде Германия оккупациялап алған Литва соғыс аяқтала салысымен тәуелсіздігін қалпына келтірген.

Бұрын Совет Одағы құрамында болған Литва Мәскеудің көршілес Украинадағы саясатына және Ресейдің өз шекарасына жақын аймақтарда әскери белсенділігін күшейткеніне алаңдайды. Мерекеге орай телеарнадан сөйлеген Литва президенті Даля Грибаускайте "Егер Литва тағы да өзін қорғауы қажет болса, онда біз бұрынғы қиын кездегідей жалғыз қалмаймыз" деді.

Балтық бойында орналасқан елдер - Литва, Латвия және Эстония өздерінің Совет Одағы құрамында болған кезеңін "совет оккупациясы" деп атаған. Үш ел де қазір Еуропа Одағы мен НАТО-ға мүше.

XS
SM
MD
LG