Accessibility links

Күдіктінің отбасы Бурылдан көшірілгені хабарланды


Бурыл ауылында бетпе-бет тұрған халық пен полиция. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 17 ақпан 2016 жыл.
Бурыл ауылында бетпе-бет тұрған халық пен полиция. Байзақ ауданы, Жамбыл облысы. 17 ақпан 2016 жыл.

Өзін "Жамбыл облыстық прокурорының орынбасары" деп таныстырған өкіл Байзақ ауданындағы Бурыл ауылының 17 ақпанда наразылық жиынын өткізген тұрғындарына адам өліміне қатысты күдіктінің отбасы "ауылдан көшірілгенін", "жәбірленуші жаққа моральдық-материалдық шығынын өтеп беру талабының орындалғанын" айтты. Бұл туралы оқиға орнынан Азаттық тілшісі Дилара Иса хабарлады.

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Бурыл ауылында 17 ақпанда кешке қарай жүздеген адам жиналып, осының алдында болған толқу кезінде қамалған азаматтарды босатуды талап еткен. Бурыл тұрғындарының толқуына осы ауылда кішкентай ұл баланың кісі қолынан қаза табуы түрткі болған. Кейін қастандық жасаушы күдіктінің этникалық түрік екені хабарланды. Ауыл халқының басым көпшілігі - қазақтар. Қазір Бурылды арнайы әскер қоршауға алып тұр.

  • 16x9 Image

    Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

    1985 жылы дүниеге келген.
    2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
    2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

    Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.

XS
SM
MD
LG