Accessibility links

Марқұм Евгений Тарасовтың ата-анасы Дауылбаевқа жүгінді


Григорий Тарасовтың әке-шешесі - Владимир (74 жаста) мен Валентина (70 жаста) Тарасовтар полиция ғимараты алдында аштық жариялап отыр. Өскемен, 16 қараша 2015 жыл.
Григорий Тарасовтың әке-шешесі - Владимир (74 жаста) мен Валентина (70 жаста) Тарасовтар полиция ғимараты алдында аштық жариялап отыр. Өскемен, 16 қараша 2015 жыл.

Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданы Белоусов ауылыынң тұрғындары Владимир Тарасов (74 жаста) пен Валентина Тарасова (70 жаста) ұлдары Григорий Тарасовтың қазасын тергеуге қатысты бас прокурор Асхат Дауылбаевтан көмек сұрап үндеу жолдады. Қариялардың ашық хаты бүгін жергілікті тәуелсіз басылымдардың бірінде жарияланды.

Бұған дейін Өскемен соты мен Шығыс Қазақстан облыстық прокуратурасы ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің ерекше істер жөніндегі аға тергеушісі Талғат Ібікеновтің 2015 жылы 26 желтоқсанда 39 жастағы Григорий Тарасовтың қазасына қатысты қылмыстық істі жабу туралы қаулысын заңсыз деп тапқан. Тергеу мәліметі бойынша, Григорий Тарасов 2013 жылы 23 ақпанда "жазатайым оқиғадан" қайтыс болған.

Сот пен облыстық прокуратураның бұл қаулысына байланысты Григорий Тарасовтың қазасына байланысты бұрын қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Бірақ ұлдарын кісі қолынан ажал құшты деп санайтын Тарасовтың ата-анасы бас прокурордың тапсырмасымен құрылды делінген тергеу комиссиясының құрамына көңілдері. Тарасовтың ата-анасы бас прокурордың "бұл қылмыстық істі бұрын тергеуге қатыспаған қызметкерлерден құралған жаңа тергеу комиссиясын құру туралы тапсырмасына қарамастан" жаңа комиссия құрамында "істі бұрын тергеген екі қызметкер бар болып шыққанын" айтады. Тарасовтың ата-анасы бұған қоса екі қызметкердің бірі комиссия төрағасы болғанын да айтады.

Тарасовтың ата-анасы бас прокурордан өздерін тағы бір рет қабылдауын сұрайды. Олар бас прокурор істі тиісті деңгейде тергеу туралы тапсырма өткен жылы қазанда онымен жеке кездескен соң берілгенін, бірақ тапсырма "толық орындалмағанын" айтады.

Тарасовтардың кезекті шағымдары бойынша құрылған барлық тергеу тобы марқұм жазатайым оқиғадан көз жұмған деген болжам айтады. Тарасовтар бірнеше рет қарсылық акциясын өткізіп, мемлекеттік органдарға ұлдарының қазасын әділ және жан-жақты тергеуді сұрап бірнеше рет қайырылған.

Бір ай бұрын жергілікті басылымдардың бірі Тарасовтардың президент Нұрсұлтан Назарбаевқа өтінішін басқан. Олар ұлын бір топ адам бизнесін тартып алу үшін өлтірген деп санайды.

XS
SM
MD
LG