Accessibility links

Обама Кубаға ресми сапармен бармақ


АҚШ президенті Барак Обама.
АҚШ президенті Барак Обама.

АҚШ президенті Барак Обама наурызда Кубаға сапарлап баруды жоспарлап отыр деп хабарлады ақпарат құралдарына Ақ үйдің аты-жөнін атамаған өкілі. АҚШ президенттері соңғы 88 жылда Кубаға сапарлап бармаған. Сапар туралы 18 ақпанда ресми түрде хабарлануы мүмкін.

АҚШ президентінің Кубаға сапары 2014 жылдың соңында екі ел қарым-қатынасы қалпына келтірілетіні жарияланғаннан кейінгі маңызды оқиға болмақ. Дипломатиялық байланыс қалпына келтіріліп, Гавана мен Вашингтонда елшіліктер ашылғанымен, екі ел арасындағы экономикалық және сауда қатынастары мүлдем тоқтап тұр деуге болады. Екі елдің қарым-қатынасын толық қалпына келтіру үшін оны АҚШ конгресі мақұлдауы тиіс. Конгресс әзірге Кубаға салынған қаржылық эмбаргоны жоюға даяр емес.

Америкалық кейбір сарапшылар Обаманың сапарын оның өз жарлығы арқылы эмбаргоны әлсірету әрекеті аясында баруы деп түсіндіреді. Обама Укбаға туристік сапарды қалпына келтіріп, АҚШ пен Куба арасында тұрақты әуе рейсін ашу туралы келіссөз жүргізіп жатыр.

XS
SM
MD
LG