Пәкістан билігі елдің солтүстік-батысындағы Мохманд аймағында екі шабуылдан тоғыз қауіпсіздік күштерінің қызметкері мен полицей қаза тапқанын хабарлады.
Жергілікті биліктің мәліметінше, 18 ақпан күні содырлардың қауіпсіздік күштерінің тексеру-өткізу бекетіне шабуылынан екі полицей мерт болған. Қалған жеті полицей басқа бір тексеру-өткізу бекетіне шабуылдан қаза тапқан.
Шабуылдарға жауапкершілікті "Талибанның" Пәкістандағы қанаты "Техрик-е Талибаннан" бөлініп шыққан "Жамаат уль Ахрар" тобы мойнына алды.
Мохманд - Пәкістанның Ауғанстанмен шекарасына жақын орналасқан тайпалық аймақтардың бірі. Мұнда Пәкістан әскерилері "Әл-Қаида" және "Талибанмен" байланысты содырлармен ондаған жыл бойы күресіп келеді.