Accessibility links

Эр-Рияд Сирияда құрлықтағы операцияға қатысуға дайын


Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр.
Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр.

Сауд Арабиясы АҚШ-тың Сириядағы "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік ұйымына қарсы құрлықта жүргізетін кез-келген операциясына қатысуға дайын деп мәлімдеді осы ел сыртқы істер министрі Адель әл-Джубейр France-Press агенттігіне берген сұхбатында.

Джубейрдің айтуынша, Эр-Рияд Сирия президенті Башар Асадты қолдамағанымен, Сирияда ешқандай біржақты әрекет жасамайды.

Джубейр Йемендегі "содырларға" қарсы Сауд Арабиясы басқаратын операция билікке Йеменнің барлық территориясын бақылай алатын заңды үкімет келмейінше жалғаса беретінін де айтты.

Сауд Арабиясы сыртқы істер министрі бұған қоса корольдік нарықта мұнай бағасының төмендігіне қарамастан мұнай өндірісі көлемін азайтпайтынын да айтты. 16 ақпанда Сауд Арабиясы Ресеймен мұнай өндіру көлемін азайту туралы уағдаласқан еді.

XS
SM
MD
LG