Accessibility links

АҚШ: Иранға Су-30 ұшағын сату БҰҰ санкциясын бұзады


Ресейдің Су-30 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).
Ресейдің Су-30 әскери ұшағы (Көрнекі сурет).

АҚШ Ресейдің Иранға әскери ұшақтар жеткізу ұсынысы БҰҰ-ның Тегеранға салған қару-жарақ эмбаргосын бұзатынын ескертті.

АҚШ мемлекеттік департаменті Иранға Су-30 ұшақтарын жеткізу үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің мақұлдауы қажетін мәлімдеді. Бұл ұшақтар америкалық F-15E жойғыш әрі бомбалаушы ұшағына балама саналады.

Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Марк Тонер Вашингтон бұл мәселе бойынша Мәскеуге қайырылуды жоспарлап отырғанын және Иранмен ядролық келіссөзге қатысқан өзге төрт ел қолданыстағы шектеуден толық хабардар болуы қажетін айтты.

Тегеранмен өткен жылы шілдеде жасалған ядролық келісім бойынша, Иранға қару-жарақ жеткізуге салынған тыйым әлі бес жыл бойы сақталады. Тонер Вашингтонның Тегеранмен ресейлік ұшақтарды сатып алуына қатысты сөйлесетіні туралы ешнәрсе айтпады.

XS
SM
MD
LG