Accessibility links

Еуроодақ пен Ұлыбритания келісімге келді


Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (оң жақта), Еуропа Одағы басшысы Дональд Туск (сол жақ шетте) және Еуропалық комиссия жетекшісі Жан-Клод Юнкер Брюссельде кездесуде отыр. 19 ақпан 2016 жыл.
Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон (оң жақта), Еуропа Одағы басшысы Дональд Туск (сол жақ шетте) және Еуропалық комиссия жетекшісі Жан-Клод Юнкер Брюссельде кездесуде отыр. 19 ақпан 2016 жыл.

Брюссельде жұма күні өткен Еуропа Одағы саммитіне қатысушылар Ұлыбританияның одаққа мүшелігін сақтап қалу шарты туралы келісімді бірауыздан қолдады. Бұл туралы келіссөздерге төрағалық жасаған Еуропа Одағы басшысы Дональд Туск мәлімдеген.

Соның алдында саммитке қатысушылардың мәмілеге келгені жөнінде Twitter әлеуметтік желісінде Чехия премьер-министрі Богуслав Соботка және Литва президенті Даля Грибаускайте хабарлаған еді. Соботка оны «лайықты келісім» деп атаған.

Ұлыбритания Еуроодаққа мүше болып қалу үшін бұл ұйымға реформалар жүргізу туралы шарт қойған.

Лондон ең әуелі еуропалық елдерден келетін еңбек мигранттарына әлеуметтік жәрдемді қысқартуды және еуро аймағына кірмейтін Ұлыбритания үшін қаржы кепілдігін қамтамасыз етуді талап еткен.

Ұлыбританияда биыл 23 маусымда елдің Еуропа Одағына мүшелігіне қатысты референдум өтпекші.

XS
SM
MD
LG