Accessibility links

Байден Порошенко мен Яценюкті бірлікке шақырды


АҚШ вице-президенті Джо Байден.
АҚШ вице-президенті Джо Байден.

АҚШ вице-президенті Джо Байден Украина президенті Петр Порошенко мен осы елдің премьер-министрі Арсений Яценюкпен телефон арқылы жеке-жеке сөйлескен. Ол украиналық саясаткерлерді парламенттік коалиция құруға атсалысуға және елдегі реформаларды жалғастыруға шақырған. Ақ үй баспасөз қызметінің хабарлауынша, Байден украиналық саясаткерлерге қоғам сеніміне ие болу қажеттігін, ал ондай сенім саяси күш-жігерді біріктіріп, коррупцияға қарсы күресті күшейткенде орнығатынын айтқан.

Осының қарсаңында Украина Жоғарғы Радасы коалицияның тарағаны туралы ресми түрде жариялаған еді. Коалиция оның қатарынан «Самопомощь» фракциясы, Олег Ляшконың Радикалдық партиясы және Юлия Тимошенконың «Батькивщина» партиясы шығып кеткен соң тараған.

XS
SM
MD
LG