Accessibility links

Қырғызстанда журналистке шабуылды тексеріп жатыр


Қырғыз журналисі Турат Акимов Азаттықтың Бішкектегі бюросында.
Қырғыз журналисі Турат Акимов Азаттықтың Бішкектегі бюросында.

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев журналист Турат Акимовке жасалған шабуылға байланысты тергеу ісі жеке бақылауына алды деп хабарлады Азаттықтың Қырғыз қызметі. Елдің ішкі істер министрі Мелис Турганбаевқа журналистке шабуыл жасағандарды іздеп табу үшін жедел шаралар қабылдау, тыңғылықты тергеу жүргізу және айыптыларды жауапқа тарту туралы тапсырма берілген.

Қырғызстанда шығатын «Деньги и власть» газетінің бас редакторы Турат Акимовке 20 ақпанда түнгі мезгілде өз үйінің ауласында көлігін қойғалы жатқанда шабуыл жасалған.

«Ұзын бойлы шымыр денелі жігіт темір затпен басымды көздеп ұрды, бұғып үлгермедім, соққы құлақ тұсымнан тиді. Ол тез қимылдап, қолындағысын екінші қайтара сілтегенде қорғанып, алақанымды тосып едім, шынашағымды сындырып жіберпті. Қайта-қайта басымнан ұрмақ болғанына қарағанда ол мені жай сабау үшін емес, өлтірмек болған тәрізді» дейді журналистің өзі.

Турат Акимов шабуылды өзінің кәсіби қызметімен байланыстырады.

XS
SM
MD
LG