Accessibility links

Хомста екі жарылыстан көптеген адам өлген


Сирияның Хомс қаласына кіреберістегі жазу.
Сирияның Хомс қаласына кіреберістегі жазу.

Ұлыбританияда орналасқан сириялық адам құқығын бақылау орталығының мәліметі бойынша, Сирияның Хомс қаласында болған екі жарылыстан елуге жуық адам мерт болған. Қаза тапқандардың көпшілігі – бейбіт тұрғындар деп хабарланды.

Хомс губернаторы Сирия телеарнасына жарылыстардан 25 адам қаза болған деп айтқан.

Сирия үкіметінің бақылауындағы Хомс қаласында бұған дейін де бірнеше рет шабуылдар жасалған. Үкімет жағындағы телеарнаның хабарлауынша, бұл жолғы жарылыстар қаланың Аз-Захраа ауданында болған. Осыған дейін дәл осы ауданда көптеген шабуылдардан ондаған тұрғын мерт болған еді.

Өткен қаңтар айында өз-өздерін жарып жіберген екі жанкешті жасаған шабуылдар салдарынан 20-дан аса адам өлген. Ол шабуыл үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы мойнына алған.

XS
SM
MD
LG